әскери-патриоттық тәрбие мәселелері » «№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
36-10-70
Есепші бөлімі:
36-10-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» әскери-патриоттық тәрбие мәселелері
02
маусым
2026

әскери-патриоттық тәрбие мәселелері

Семейде әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды

Семей қаласындағы №50 IT-мектепте алғашқы әскери дайындық оқытушылары мен әскери кафедра өкілдерінің алғашқы отырысы өтті. Жиында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, оқытушылар тәжірибесін жетілдіру және жастарды Отансүйгіштікке баулу мәселелері көтерілді.

Іс-шараға Абай облысының қорғаныс саласы өкілдері, әскери кафедра оқытушылары қатысты. Кездесу барысында әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстар талқыланып, алғашқы әскери дайындық пәніндегі жаңа тәсілдер мен тәжірибелер ортаға салынды.

🗣️ Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Олжас Бейсенбаев бұл бағыттағы жұмыстың маңызын атап өтті.

– Бүгін біз №50 мектепте облыстың алғашқы әскери дайындық оқытушыларын, университеттердің әскери кафедра өкілдерін және офицер-оқытушыларды бір алаңға жинадық. Елімізде 2030 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасы бекітілген. Президент те жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мәселесіне ерекше басымдық беріп келеді. Сондықтан осы саладағы мамандардың білімін жетілдіріп, өзекті мәселелерді талқылау маңызды. Алдағы уақытта да мұндай жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, — деді ол.

Жиында тәжірибелі оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әзірленген электронды оқыту курсының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар белсенділік танытып, бейнероликтер әзірлеген қатысушылар арнайы марапатталды.

🏅 Кездесу соңында әскери-патриоттық тәрбие саласында үздік нәтиже көрсеткен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың патриоттық санасын қалыптастырып, әскери тәрбие бағытындағы жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

​https://www.instagram.com/reel/DZC4fvVStd1/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив