26
қараша
2024
“Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауы өтті.
Открыть видео
26 қараша күні қалалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауы өтті.
Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестиваль бес бағыт бойынша өткізілді:
1) “Білім беру жүйесіндегі менеджмент”
2) “Шеберлік палитрасы”
3) “Шығармашыл толқын”
4) “Сабақ аяқталған соң”
5) “Психолог сандықшасы”
Фестивальге мектебіміздің қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтер қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Білім беру саласының дамуына үлес қосып, үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — шәкірттерге шабыт, бізге мақтаныш.
Жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер!