Балалық шақ әлемі » «№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
36-10-70
Есепші бөлімі:
36-10-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2026

Балалық шақ әлемі

Семей қаласындағы №50 IT мектеп-лицейінде Балаларды қорғау халықаралық күніне арналған «Балалық шақ әлемі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
Іс-шараны Абай облысының «Қоғамдық келісім» КММ, Абай облысы ҚХА Аналар кеңесі және №50 IT мектеп-лицейінің әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырды.
Балалар үшін түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды: асфальтқа сурет салу байқауы, спорттық жарыстар, экологиялық викторина, сондай-ақ кітап оқу мен ойындарға арналған ертегілер бұрышы жұмыс істеді.
Мерекелік шара балаларға жарқын эмоция, қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар ойындарға, шығармашылық байқауларға және спорттық сайыстарға белсене қатысты.
Шара барысында қолдау мен қамқорлықты қажет ететін балаларға ерекше назар аударылды. Бұл мереке достықты, бірлікті және отбасылық құндылықтарды нығайтатын игі алаңға айналды. 🤝✨
Мерекенің демеушісі ретінде «Вайнах» шешендер мен ингуштердің этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хасаев Казбек Амиевич балаларға арналған мерекені ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив