«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ – құзыретті, адал ұрпақ тәрбиелеу». » «№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
36-10-70
Есепші бөлімі:
36-10-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ – құзыретті, адал ұрпақ тәрбиелеу».
09
қараша
2024

«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ – құзыретті, адал ұрпақ тәрбиелеу».

Открыть видео  

№50 IT мектеп-лицейі! Мұнда әр оқушыға цифрлық дағдыларды меңгеріп, жаңа шыңдарды бағындыруға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Мектеп-лицей миссиясы - «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ – құзыретті, адал ұрпақ тәрбиелеу».
№50 IT-мектеп-лицейі – 2 физика, 2 химия, 2 биология, 6 информатика, 6 мультимедиялық кабинет, графика және модельдеу кабинеті, 280 орындық акт залы, 420 орындық асхана, жетілдірілген 9 зертханасы бар 3 қабатты ғимарат.
Сондай-ақ, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер, робототехника кабинеттері, металл және ағаш ою шеберханалары бар.
Мектепте балаларды оқыту процесі үшін стационарлық компьютерлерден бөлек ноутбуктер де қарастырылған.
Екі спорт залы, ауладағы бірнеше алаң балаларға футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Work-out аймағы да бар.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды: мектепте бейнебақылау камераларымен толық қамтылған (200 дана). Камера «көрмейтін» аймақтар жоқ. Мектепке кіру және шығу турникеттермен
басқарылады. Күзет пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп нысаны антитеррористік қорғау құрамына енгізілген.


Жаңа білім ордасында сіздерді үлкен жетістіктер күтіп тұр!