Шахманова Карлыгаш Канатовна » «№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
36-10-70
Есепші бөлімі:
36-10-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
наурыз
2025

Шахманова Карлыгаш Канатовна


Шахманова Карлыгаш Канатовна


Білімі: орта-арнаулы, жоғары

- Оқу орны: М. Әуезов атындағы педучилище 1990; М. Әуезов атындағы Семей университеті 2006;


- Мамандығы: Педагогика және бастауыш мектеп оқытудың әдістемесі

- Қосымша білім мен курстар: 

1. «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» курсы

 2021 жыл

2. «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» курсы 2016 ж

3. НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары » пеагогтардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы 2022 жыл

4. Орта білім беру мектептерінде сапаны басқару технологиясы «Биоақпараттану және Синергетика» курсы 2019 жыл

5. ««Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған   тәсілді жүзеге асыру» курсы  2024 жыл

6. Облыстық Педагогикалық шеберлік орталығының Тренері.

Жұмыс тәжірибесі: 34 жыл

Компанияның атауы: 

КММ «№50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі"

   - Лауазымы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тренер.

   - Жұмыс мерзімі: 34 жыл

   - Жетістіктері: 

Облыстық Педагогикалық шеберлік орталығының Тренері. 2022 жыл.

Бастауыш сынып ұстаздарына Біліктілікті арттыру курстарын өткіземін. Өскемен қаласы филиалының облыстық Педагогикалық шеберлік орталығы бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету үшін шебер-сыныптар жиі өткізіп тұрамын. 2011, 2020 жылдары  Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының І, ІІ орын иегерімін. Республикалық Тамыз конференциясында секциялық отырыста шебер-сынып өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Республикалық, облыстық семинарларда іс-тәжірибеммен бөлісіп, жинаққа енді. «Наука и образование в современном мире: вызовы ХХІ века», «Іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі», «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары», «Эмоционалды зияткерлік-бастауыш сынып педагог тұлғасын өзін-өзі жетілдірудің қуатты ресурсы» тақырыбындағы халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, сертификаттарға ие болдым. Edulife.kz, ustaz.kz  ұстаздарға арналған әдістемелік сайтқа шығармашылық жұмыстарым жарияланып тұрады. Республикалық ғылыми-әдістемелік «Білім көкжиегі» журналына «Үйірме жұмыстары-сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры» мақалам жарық көрді. Республикалық КИО,  NIO олимпиадасында І орын, халықаралық «Бастауыш сынып ұстаздары олимпиадасында»   ІІ орын, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайтының І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІІ орын, А. Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасында І орындарға ие болдым. Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен, республикалық ғылыми жоба байқауына шәкірт дайындағаны үшін, қалалық, облыстық бастауыш пәндерінен үздік оқушы дайындағаны үшін Білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дарын» интеллектуалды білім орталығының,  Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Алғыс хаттарымен марапатталдым. 


2. Кәсіби дағдылар:

- Шеберлік

- Білімпаздық

- Цифрлық ептілік

-Тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті


3. Жеке қасиеттері:

- Ізденімпаз

- Шығармашыл

- жауапкершілігі мол

-адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік

-ұстамдылық 

-мақсаттылық

-ұйымдастырушылық 

-басқарушылық қабілеттер

-ұжыммен жұмыс істей білу

-ұқыптылық

-алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас 

Қосымша ақпарат:

- Шет тілдерін білу: орыс тілі

- Компьютерлік бағдарламаларды білу:


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив